Қабылдау туралы өтінішті қалай тапсыруға болады

Өтінімді бүгін толтыра бастаңыз

Орталық Азия Университетінің 2021-2022 оқу жылының бакалавриат бағдарламаларына оқуға қабылдау туралы өтінішті

ОНЛАЙН ТОЛТЫРЫҢЫЗ
немесе
ҮЛГІСІН ЖҮКТЕП АЛЫҢЫЗ


ОАУ-не түсуге өтінімді бүгін тапсырыңыз


Негізгі күндер


15 наурыз 2021
1-ші кезеңнің өтінім тапсырудың соңғы мерзімі (кіру жарнасы жоқ)

4 апреля 2021
ОАУ-не қабылдау емтиханын тапсыру немесе SAT емтиханы мен SAT эссе бойынша баллдарын жіберу

Май 2021
Алдын ала іріктеуден өткен талапкерлер соңғы мерзімге дейін тапсыруы тиіс:
1. 2-ші кезеңнің өтінімін
2. Өз мұғалімдерінен екі ұсыным хаттарын по Математике и Английскому
3. Қаржылық қолдау алуға өтінімін

1-ші кезеңнің өтінім үлгісі және ілеспе құжаттар

ОАУ-не 1-ші кезеңнің толтырылған өтінімін және ілеспе құжаттарды 2020 жылдың 15 наурызында сағат 23:59-ға дейін (GMT+6) кешіктірмей тапсырыңыз, соның ішінде:

  • 1-ші кезеңнің толтырылған өтінімін (А-дан Е-ге дейінгі бөлімдер)
  • Жеке куәліктің немесе паспорттың сапалы көшірмесі
  • Соңғы үш ай ішінде жасалған ақ фонда талапкердің бір фотосуреті.

Басқа елдердің азаматтары болып табылатын барлық талапкерлер үлгерім тізімдемесінен үзінді табыстауы қажет.


Өтінім тапсырудың үш тәсілі бар:

ОНЛАЙН
  1. Өтінімді толтырып, онлайн тапсыру
  2. Жүйенің сұратуы бойынша ілеспе құжаттаманы apply@ucentralasia.org электрондық поштаға жолдау

Қадамдық нұсқаулық
Жиі қойылатын сұрақтар
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОЧТАМЕН
  1. Өтінім мен ілеспе құжаттарды жүктеу, басып шығару, толтыру, сканерлеу және apply@ucentralasia.org электрондық поштаға жіберу
  2. Электрондық хабарламаның "Тақырып" жолында: "Application" және өз атыңыз бен тегіңізді көрсету қажет. на английском языке. Например: "Application_Arina_Idrisova".



ҚОЛДАП ЖЕТКІЗУ
  1. Құжаттарды ОАУ-нің Тәжікстандағы, Қырғызстандағы немесе Қазақстандағы пункттерінің біріне қолдап жеткізуге болады.
  2. Конвертте өз атыңыз бен тегіңізді, электрондық поштаңыздың адресі мен телефон нөміріңізді белгілеңіз.
  3. Өтінімдер дүйсенбіден жүмаға дейін сағат 9:00-дан 18:00 дейін қабылданады.

ОАУ көрсетілген соңғы мерзімнен кейін қабылдаған 1-ші және 2-ші кезеңнің өтінімдері үшін жауап бермейді.

Қағаз түріндегі құжаттардың толық топтамасын мына мекен-жайлардың кез келгеніне көрсетілген соңғы мерзімге дейін тапсыруға болады:



Қағаз түріндегі құжаттардың толық топтамасын мына мекен-жайлардың кез келгеніне тапсыруға болады:


ОАУ өтініштерді қабылдау бөлімі
720001, Қырғыз Республикасы, Бішкек қ.
Тоқтағұл көш., 138

Орталық Азия Университеті, Нарындағы кампус
кампус
Ленин көш., 310, Нарын

Орталық Азия Университеті, Хорогтағы кампус
кампус
Киматшо Иматшоев көш., 155 Хорог ТБАО
736000 Тәжікстан

Нарын қ. ШПНО
722900, Қырғыз Республикасы
Нарын қ., Сейіталы Жақыпов көш, 19

Душанбе қ. ШНПО
734013, Тәжікстан Республикасы
Душанбе қ., Халықтар достығы даңғылы, 47А

Хорог қ. ШНПО
736000, Тәжікстан Республикасы
ТБАО, Хорог қ., Ленин көш., 126
722900, Қырғыз Республикасы

Текелі қ. ШНПО
041700, Қазақстан Республикасы
Текелі қ., Гагарин көш., 13

 

Бақылау тізімі

Өтінімнің үлгісі – онлайн, сканерленген немесе басып шығарылған
Паспорттың немесе жеке куәліктің көшірмесі
Соңғы үш айдың ішінде жасалған фотосурет (3х4 см)
Үлгерім ведомосынан үзінді көшірме (тек басқа елдердің азаматтары болып табылатын талапкерлер үшін)

Бұл өте қызық!

Тәжікстан, Қырғызстан және Қазақстанның табысты студенттеріне конкурстық негізде толық шәкіртақылар беріледі. Осындай студенттердің қатарына ОАУ-нің қабылдау емтихандарын тапсыру кезінде академиялық жетістіктерін көрсеткен талапкерлер, математика және ағылшын тілінен Ұлттық олимпиадаларға қатысушылар, ОРТ "Алтын сертификаттарына" ие болған оқушылар кіреді. 2020 жылдың мамыр айында алдын ала іріктеуден өткен талапкерлер ОАУ-нің Оқу бөліміне тиісті сертификаттар мен басқа да құжаттарды тапсыруы тиіс.

Оқу және сыныптан тыс қызметтегі үздік табыстары үшін іріктеу комиссиясы талапкердің бес жылдық оқу жүйесі бойынша бірден екінші жылға (дайындық курсынан өтпей) қабылдау мүмкіндігін қарастыра алады. Мұндай жағдайда Тәжікстанның студенттері Білім және Ғылым Министрлігінің талаптарына сәйкес НЦТ емтихан нәтижелерін тапсыруы тиіс. НЦТ емтихандарының нәтижелері бірінші жылға (дайындық курсына) қабылданған талапкерлер үшін міндетті болып табылмайды.

  • абитуриенты, продемонстрировавшие выдающиеся академические достижения при сдаче вступительных экзаменов УЦА,
  • участники национальных/республиканских олимпиад по всем предметам,
  • школьники, получившие "Золотые сертификаты" ОРТ.

В мае 2021 года абитуриенты, прошедшие предварительный отбор, должны подать в Учебный отдел УЦА соответствующие сертификаты и другие документы.

За выдающиеся академические достижения при сдаче вступительных экзаменов УЦА отборочная комиссия может рассмотреть возможность условного зачисления абитуриента сразу на второй год (минуя подготовительный курс) по пятилетней системе обучения в УЦА. В таком случае, студенты должны предоставить результаты национальных/республиканских экзаменов: НЦТ в Таджикистане и ОРТ в Кыргызстане.

Өтінімді қалай тапсыруға болатыны туралы әлі де сұрақтарыңыз бар ма?

Оларды apply@ucentralasia.org электрондық поштаға немесе +996 770 822 901 (Қырғызстан) / +992 93 999 99 64 (Тәжікстан) / +7 777 822 3948 (Қазақстан) телефон/WhatsApp арқылы сұраңыз.

ОАУ-не қабылдау емтиханы және SAT емтиханның баллдары

1-ші кезеңнің өтінім үлгісін тапсырған талапкерлер ОАУ-нің қабылдау емтиханын тапсырады немесе белгіленген күнге дейін SAT емтиханы мен SAT эссе үшін өз баллдарын тапсырады. Бұдан басқа, Қырғызстан мен Тәжікстанның талапкерлері ұлттық заңнамада көзделген тестілеуді сәтті тапсыруы тиіс.

Қабылдау емтиханы

ОАУ-нің қабылдау емтихандары аталмыш емтихан қабылдау орталықтарында өтеді және үш пәнді қамтиды: ағылшын тілі, математика және логика.

  • Ағылшын тілі: Бұл стандартты тест бірнеше жауап нұсқасымен сұрақтардан тұрады және эссе түрінде бір сұрақ, оған толық жауап беру қажет. Емтихан тілді меңгеру деңгейін, грамматика негіздерін және сөздік қорын тексереді. Дайындық бағдарламасына қабылдау үшін ағылшын тілін білудің ең төменгі деңгейі – B1, бакалавриаттың бірінші курсына қабылдау үшін – B2/C1. Көрсетілген деңгейлер шет тілін меңгеру деңгейін анықтаудың жалпы Еуропалық өлшемдеріне (CEFR) сәйкес келеді.
  • Математика: Емтихан екі бөлімнен тұрады: 1-бөлім талапкердің математикалық ойлауын бағалауға мүмкіндік беретін, толық жауапты талап ететін бес сұрақты қамтиды; 2-бөлім жауаптың бірнеше нұсқасымен 20 сұрақты қамтиды. Дайындық бағдарламасына қабылдау үшін 50%-дан кем емес дұрыс жауап беру керек, ал бакалавриаттың бірінші курсына қабылдау үшін 70%-дан кем емес.
  • Логика: Наглиери интеллектінің бейвербалды тесті (NNAT) (немесе логика тесті) талапкерлердің тілдік немесе мәдени ерекшеліктеріне байланысты емес танымдық дағдыларын бағалау үшін өткізіледі.

Сыналатын емтихан сұрақтарын жүктеу

Қалыптасқан жағдайда денсаулық үшін пайда болатын қауіп-қатерді ескере отырып, 2020 жылдың 5 сәуіріне жоспарланған ОАУ қабылдау емтихандары ауыстырылады. Жаңа күн мен қажетті мәліметтер талапкерлерге электрондық пошта арқылы жіберіледі.

1-ші кезеңнің өтінім үлгісін тапсырған талапкерлерге электрондық хат жіберіледі, онда өтінімнің тіркеу нөмірі, емтихан қабылдау орталығының мекен-жайы және ОАУ-нің қабылдау емтиханын өткізу уақыты көрсетіледі. Тәжікстан, Қырғызстан және Қазақстан азаматтары болып табылмайтын студенттер алдын ала іріктеуден кейін ғана қабылдау емтихандарына шақырылады. Емтиханды тек хатта белгіленген орталықта тапсыруға рұқсат етіледі.

Емтиханда өзімен бірге болуы керек:

  • Өтінімнің тіркеу нөмірі/электрондық хат
  • Фотосуреті бар паспорттың немесе басқа жеке куәліктің түпнұсқасы

SAT емтиханның баллдары

SAT емтихан мен эссе баллдарын тапсырғысы келетін талапкерлер тестілеу нысанын толтыру кезінде Орталық Азия университетінің 7834 кодын көрсетуі тиіс НЕМЕСЕ сканерленген/ ресми электрондық сертификатты 2021 жылдың 4 сәуіріне дейін apply@ucentralasia.org электрондық поштаға жіберуі тиіс НЕМЕСЕ жеке өзі мекен-жайға жеткізуге болады:
Орталық Азия Университеті Орталық Әкімшілік кеңсе
Қырғызстан
Бішкек, 720001
Тоқтоғұл көш. 138
7-ші қабат, Оқу бөлімі

Егер талапкер SAT емтиханның баллдарын тапсырып, сонымен қатар ОАУ-нің қабылдау емтиханын тапсыруға шешім қабылдаса, онда тек ОАУ-нің қабылдау емтиханының нәтижелері назарға алынады.

Дайындық бағдарламасына түсу үшін SAT емтиханы және SAT эссе үшін ең төменгі баллдар:

  • Математика – 500
  • Оқылған мәтінді түсіну және жазу (ERW) – 500
  • SAT эссе:
    • оқу – 4;
    • талдау – 4;
    • жазу – 4.

Бірінші курсқа бірден түсу үшін SAT емтиханы және SAT эссе үшін ең төменгі баллдар:

  • Математика – 600
  • Оқылған мәтінді түсіну және жазу (ERW) – 550
  • SAT эссе:
    • оқу – 6;
    • талдау – 6;
    • жазу – 6.

ЕМТИХАНДАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ОРТАЛЫҚТАРЫ *

Ауғанстан: Шугнан | Кабул | Файзабад
Қазақстан: Алматы | Нур-Султан | Тараз | Текелі
Кения: Момбаса
Қырғызстан: Бішкек | Каракөл | Нарын | Ош
Пәкістан: Карачи | Гилгит | Читрал | Исламабад
Ресей Федерациясы: Мәскеу
Сирия: Саламия
Тәжікстан: Душанбе | Хорог | Худжанд | Кулоб | Бохтар

* Емтихандар өткізу орталықтарының мекен-жайлары өзгеруі мүмкін

2-кезеңнің өтінімі, ұсыным хаттар және қаржылық қолдау

2-ші кезеңге өткен, қабылдау емтиханынан жоғары балл жинаған немесе SAT емтиханынан жоғары балл алған талапкерлер 2021 жылдың мамыр айына дейін тапсырулары тиіс:

  • 2-кезеңнің толтырылған өтінім үлгісі (А-дан С-қа дейінгі бөлімдер);
  • Өз мұғалімдерінен екі ұсыным хаттар;
  • Қаржылық қолдау алуға өтінім.

Бір ұсыным хат математика мұғалімінен және біреуі ағылшын тілі мұғалімінен (ағылшын тілінде) болуы тиіс. Математика мұғалімінен ұсыным орыс тілінде болуы мүмкін.

Қаржылай қолдауға барлық қабылданған абитуриенттерге кепілдік беріледі.
Шәкіртақы, грант және төлемақы туралы толық ақпарат

Студенттер үшін кіріспе-таныстыру семинарлары тамыз айында басталады, ал сабақтар қыркүйек айында басталады.