СТУДЕНТТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ

Өтінімді бүгін толтыра бастаңыз

ОНЛАЙН ӨТІНІМ БЕРІҢІЗ
НЕМЕСЕ
ОРТАЛЫҚ Азияның Университетіне 2020-2021 жылдарға бакалавриат бағдарламаларына қабылдау туралы өтініштің бланкісін жүктеп алыңыз. ОАУ-нің Нарындағы (Қырғыз Республикасы) және Хорогтағы (Тәжікстан) кампустарына түсуге өтініштер қабылданады.
[ Word пішімінде ]
[ PDF пішімінде ]

Орталық Азияның университетінің проспектісі

Ағылшын тілі
Орыс тілі

Гуманитарлық және нақты ғылымдар мектебі

ОАУ гуманитарлық және нақты ғылымдар мектебі студенттерге болашақта кәсіби және жеке өміріне инновациялар енгізу және мәселелерді дұрыс шешу үшін әртүрлі тәсілдерді қолдануға мүмкіндік беретін білім алып дағдылануға көмектесетін бакалавриат бағдарламасын ұсынады. ОАУ бакалавриат студенттері кампуста ағылшын тілі ортасына толығымен батырылған, ал оқыту тілі тек ағылшын тілі болып табылады.

ОАУ-не қабылданған студенттер үздік академиялық жетістіктерге ие болып келеді. Олардың ішінде ғылыми олимпиадалардың жеңімпаздары, студенттік үкімет президенттері, мүмкіншілігі шектелі адамдардың демеушілері, дарынды суретшілер мен музыканттар, жеңімпаз спортшылар мен әрқашан өз қауымдастығына көмек қолын созуға дайын волонтер-энтузиастар бар.

ОАУ тек аудиторияның ішінде ғана емес, сонымен қатар сыртта білім алуға ұмтылатын ынталы және ізденімпаз студенттерді күтеді. ОАУ-не сапарыңызды бастаңыз, өтінімді бүгін тапсырыңыз!

ОАУ неліктен таңдауға тұрарлық?

  • Оқу бағдарламалары әлемнің жетекші ЖОО-лармен бірлесіп, бірақ өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, дайындалған.
  • Халықаралық стандарттарды ұстанады.
  • Орталық Азияның дарынды жастарының білімін дамыту және қолдау.
  • Заманауи кампустар мен университет инфрақұрылымы.
  • Ағылшын тілін сыныпта және сыныптан тыс сапалы оқыту.
  • Жалпы білім беретін пәндерді, ғылымды және заманауи технологияларды біріктіретін білім берудің бірегей қолданбалы тәсілін меңгеру.
  • Ақылы өндірістік практика және курстық жобалар арқылы практикалық оқыту.
  • PhD дәрежесі бар жоғары білікті оқытушылар студенттерге сапалы білім мен тәлімгерлікті қамтамасыз етеді, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
  • Әлемнің әр түрлі жоғары оқу орындарына магистратураның жетекші бағдарламаларына түсуге дайындық.
  • Шәкіртақылар, гранттар және пайызсыз кредиттер шеңберінде барлық студенттерге кепілді қаржылық қолдау көрсету.

Халықаралық санаттағы кампустар

ОАУ-нің алғашқы кампусы 2016 жылдың қыркүйегінде Нарын қаласында (Қырғызстан) ашылды, содан кейін Хорог қаласында (Тәжікстан) (2017 жылы) ашылды, және Текелі қаласында (Қазақстан) (ашылу 2022 жылы күтілуде). Кампустың Бас жоспары мен тұжырымдамалық жобасын әйгілі Arata Isozaki & Associates жапон сәулет компаниясы дайындаған. Оның жобалары халықаралық марапаттарға ие болған. Кампустағы өмір студенттерге алған білімдерін тәжірибеде қолдануға, қоғамдық жобаларға, спорттық-сауықтыру іс-шараларына және мәдени алмасудың сан алуан түрлеріне қатысуға, сондай-ақ көшбасшылық және азаматтық жауапкершілік дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

Студенттерге ұсынылады:

  • соңғы технологиялармен жабдықталған аудиториялар, зертханалар мен кітапханалар.
  • сабақ оқуға және тынығуға жағдай жасалған күзетілетін жатақхана.
  • жеке кеңістікті және асқан жайлылықты қамтамасыз ететін модульдік типтегі бөлмелер.
  • таза ауадағы ашық оқу кеңістігі.
  • кампус корпустары аралығында жабық өтпежолдар, автоматты жарықтандыру және қауіпсіздік.

ОАУ-не қалай түсуге болады?

1. ОАУ-не толтырылған 1-ші кезеңнің өтінім үлгісін және ілеспе құжаттарды (онлайн, электрондық пошта немесе қолдап жеткізу арқылы) 2020 жылдың 15 наурызында сағат 23:59-ға (GMT+6) дейін тапсыру керек.

2. 1-ші кезеңнің өтінім үлгісін тапсырған талапкерлер ОАУ-нің ағылшын тілі, математика және логика бойынша қабылдау емтиханына шақырылады, ол 2020 жылдың 5 сәуірінде өтеді. Оқуға түсу емтиханына балама ретінде талапкерлер ОАУ-не SAT емтихан және SAT эссе бойынша өз баллдарын 2020 жылдың 5 сәуіріне дейін тапсыра алады. SAT тестілеудің нәтижелерін жіберу үшін Орталық Азия университетінің – 7834 кодын пайдаланыңыз.

3. Алдын ала іріктеуден өткен талапкерлер 2020 жылдың мамыр айында 2-ші кезеңнің өтінім үлгісін тапсырып, өз мұғалімдерінен екі ұсыным хат және қаржылық қолдау алуға өтінімін тапсыруы тиіс.

Қосымша ақпарат, Қадамдық нұсқаулық немесе Жиі қойылатын сұрақтар

Өтінімдерді қабылдау 2019 жылдың қараша айында басталады.
Толығырақ ақпарат

ОАУ-де кімдер оқи алады?

ОАУ-де қоғамның әртүрлі жіктерінің өкілдері болған Орталық Азияның және басқа елдердің түрлі түкпірлерінен студенттер оқиды. ОАУ сондай-ақ дене мүмкіндігі шектеулі студенттердің оқуына мүмкіндік береді. ОАУ кампустары барлық қажетті инфрақұрылыммен жабдықталған және Нормалар мен қағидалар жөніндегі Халықаралық кеңес әзірлеген халықаралық құрылыс стандарттарына сәйкес келеді. ОАУ кампусы лифтілермен, студенттерге арналған арнайы жабдықталған жатақханалармен және оқытушыларға арналған тұрғын жайлармен жабдықталған. ОАУ барлық өтінімдерді қараусыз қалдырмайды.

ОАУ студенті:

  • Оқуда табыстарға ұмтылады
  • Алған дағдыларын оқудан тыс процесте қолдана отырып, білімнің жаңа салаларына қызығушылық білдіреді
  • Бастамашылық танытып, стандартты емес әдістерді қолданып, шынайы міндеттерді шешуге дайын
  • Тәртіпті тыңдаушы, топтың ойыншысы және көшбасшысы болып табылады
  • Тек жеке басының табысты болуына ғана емес, сондай-ақ қоғамның, елдің және өңірдің табысты болуына мүдделі

Жыл сайын ОАУ әр кампусқа 40-қа жуық талапкерді қабылдайды (барлығы 80 адам). ОАУ тепе-теңдікті сақтауға ұмтылады, сондықтан әр мамандықта студенттердің жыныстық жағынан, өңірге, қалалық және ауылдық жерлерге тепе-тең саны болуы керек. Студенттерді қабылдау барысында келесі квота беріледі: Тәжікстан, Қырғызстан және Қазақстаннан талапкерлердің 85%-ы; басқа елдерден талапкерлердің 15%-ы.

Мен қайда оқимын?

Қазіргі кезде ОАУ-нің Қырғыз Республикасының Нарын қ., және Тәжікстанның Хорог қ. кампустарында бакалавриат бағдарламаларына өтуге өтінімдер қабылдануда. ОАУ Коммуникациялар және БАҚ; Компьютерлік ғылым (Нарындағы кампус); Жер және қоршаған орта туралы ғылымдар және Экономика (Хорогтағы кампус) секілді мамандықтарды ұсынады. Таңдаған мамандығына қарай студенттер ОАУ-нің Қырғызстан, Нарындағы, не болмаса Тәжікстан, Хорогтағы кампусында оқиды.

Кері байланыс

Электрондық почта: admissions@ucentralasia.org

Тел:
+996 312 663 822/+996 770 822 901 (Қырғызстан)
+992 93 999 99 64 (Тәжікстан)
+7 777 822 3948 (Қазақстан)

Sign up for more information: