ОАУ-не өтінімдер қабылдайтын онлайн-жүйе: Жиі қойылатын сұрақтар

QUICK LINKS

Маған Орталық Азия Университетіне (ОАУ) өтінімдер қабылдайтын Онлайн-жүйемен қай браузерде жұмыс істеген жақсырақ?

ОАУ-не өтінімдер қабылдайтын Онлайн-жүйеге қалай тіркеле аламын?

Онлайн-өтінімді дұрыс толтыру үшін не істеуім керек?

Егер онлайн-өтінімге кіре алмасам, немесе менде сұрақ пайда болса, менің кімнен көмек сұрауыма болады?

Өтінімді бірінші рет тапсырып отырған болсам, менің не істеуім керек?

Егер менде электрондық пошта жоқ болса мен тіркеулік жазбаны интернет арқылы жасай аламын ба?

Құпиясөзді қалай жасаймын? Белгілер санына қатысты қандай да бір шектеу бар ма?

Тіркеулік жазба жасай алғанымды менің қалай білуіме болады?

Онлайн-өтінімді толтыру барысында қате жібермес үшін менің не істеуім керек?

Менің жеке ақпаратым берілген бетті қалай жасауым керек? Әрі қарай не істеймін?

Егер мен SAT тестілеуін тапсырсам/SAT тестілеудің және SAT эссенің нәтижелерін жіберсем, ОАУ-нің қабылдау емтиханын тапсыруыма бола ма?

Егер мен SAT тестілеудің нәтижелерін тапсырсам, мен ағылшын тілінен емтиханды тапсыруым керек пе?

Мен Қырғызстанның/Тәжікстанның/Қазақстанның/Өзбекстанның/Түрікменстанның азаматымын, бірақ қазір шетелде тұрамын / оқимын. ОАУ-нің қабылдау тестілеуін тапсыруыма бола ма және қалай тапсыруыма болады?

1 Маған Орталық Азия Университетіне (ОАУ) өтінімдер қабылдайтын Онлайн-жүйемен қай браузерде жұмыс істеген жақсырақ?
ОАУ-не өтінімдер қабылдайтын Онлайн-жүйемен бәрінен де Internet Explorer браузерінде жұмыс істеген жақсырақ. Сонымен қатар, Google Chrome немесе Firefox браузерлерін пайдалануға болады.


2 ОАУ-не өтінімдер қабылдайтын Онлайн-жүйеге қалай тіркеле аламын?
Жүйеге тіркелу үшін http://www.ucentralasia.org/apply-online сілтеме арқылы кіріңіз, ол жүйеге кіретін бетке әкеледі.


3 Онлайн-өтінімді дұрыс толтыру үшін не істеуім керек?
Әр бетте келтірілген нұсқаулықтар мен кеңестерді орындаңыз. Бұл кеңестер өтінімде барлық ақпаратты көрсетуге көмектеседі. Біз өтінімді толтыруға кіріспес бұрын кіріспе талаптармен (талапкерлерге қойылатын талаптармен) танысуды ұсынамыз. Өтінімді толтыруға байланысты қадамдар туралы қысқаша ақпаратты http://www.ucentralasia.org/Admissions/HowToApply/KZ сілтемесі арқылы таба аласыз.


4 Егер онлайн-өтінімге кіре алмасам, немесе менде сұрақ пайда болса, менің кімнен көмек сұрауыма болады?
Онлайн-өтінімді толтыруға және жіберуге байланысты барлық сұрақтарды apply@ucentralasia.org электрондық поштаға жіберуге болады.


5 Өтінімді бірінші рет тапсырып отырған болсам, менің не істеуім керек?
Егер сіз бұл жүйені алғаш рет пайдаланып отырған болсаңыз, онда сіздің тіркеулік жазба жасауыңыз керек, ол үшін «Жаңа пайдаланушы» сілтемесі арқылы жылжисыз. Жүйе сізден электрондық поштаңыз бен құпиясөзіңізді көрсетуді сұрайды.


6 Егер менде электрондық пошта жоқ болса мен тіркеулік жазбаны интернет арқылы жасай аламын ба?
Жоқ. Тіркеулік жазбасын жасау үшін сізде электрондық пошта болуы тиіс. Онлайн-өтінімді толтыруға кіріспес бұрын міндетті түрде электрондық пошта ашыңыз.

Есіңізде болсын: Электрондық поштаңыздың атауы мен таңдаған құпиясөзіңізді ұмытып қалмас үшін, онлайн-өтінімді толтырар алдында, оны бір жерге жазып қойыңыз. Алдағы уақытта бүкіл ақпарат сізге дәл сол электрондық поштаға жолданады.

ЕСКЕРТПЕ: Өзіңіз университетке түсу процесіңіздің бүкіл барысында (онлайн-өтінімді толтыру және оны қарастыру барысы туралы ақпарат алу) пайдаланатын электрондық поштаңыздың мекен-жайын көрсетіңіз.


7 Құпиясөзді қалай жасаймын? Белгілер санына қатысты қандай да бір шектеу бар ма?
Қауіпсіздік мақсатында құпиясөз кем дегенде ішіндегі бір арнайы белгімен (@, #, $, %) және бір сан белгімен қоса 7 белгіден тұруы тиіс: (мысалы, Bishkek@12). Өз құпиясөзіңізді есіңізде сақтаңыз.


8 Тіркеулік жазба жасай алғанымды менің қалай білуіме болады?
Сіздің электрондық поштаңызға растау хат жолданады. Егер тіркелгеннен кейін бірнеше сағат ішінде сізге растау-хат келмесе, өз электрондық жәшігіңіздегі Spam/Junk ("Спам") бумасын тексеріңіз. Егер растау-хат ақыры келмеген болса, бізге apply@ucentralasia.org поштасына хат жазыңыз.


9 Онлайн-өтінімді толтыру барысында қате жібермес үшін менің не істеуім керек?
Сіздің тиісті нұсқаулықтарды орындауыңыз және пайда болған ескертпелерді мұқият оқып шығуыңыз керек. Сіз өтінімнің әртүрлі тарауларын толтырған кезде, жүйе сізге көмек көрсетіп жөн сілтеп отырады, сол жөн сілтеулерді орындасаңыз, ол сізге өтінімді дұрыс толтыруға және өтінімді жіберуге себін тигізеді.


10 Менің жеке ақпаратым берілген бетті қалай жасауым керек? Әрі қарай не істеймін?
Ол үшін сіздер келесі амалдарды орындауыңыз керек:

  1. Өз электрондық поштаңызға келген растау хатты ашыңыз. Осы хатта көрсетілген сілтемемен жүріңіз, ол сізді жүйеге кіретін бетке алып келеді;
  2. Өз электрондық поштаңыз бен құпиясөзді енгізіңіз (тіркелгенде көрсеткен электрондық пошта мекен-жай мен құпиясөзіңізді пайдаланыңыз);
  3. Егер сіз жүйеге алғаш рет кірген болсаңыз, экранда сіздің жеке ақпаратыңыз және қазіргі байланыс деректері көрінеді.

11 Егер мен SAT тестілеуін тапсырсам/SAT тестілеудің және SAT эссенің нәтижелерін жіберсем, ОАУ-нің қабылдау емтиханын тапсыруыма бола ма?
Иә, тапсыра аласыз. Бірақ SAT баллдары назарға алынбайды.


12 Егер мен SAT тестілеудің нәтижелерін тапсырсам, мен ағылшын тілінен емтиханды тапсыруым керек пе?
Жоқ.


13 Мен Қырғызстанның/Тәжікстанның/Қазақстанның/Өзбекстанның/Түрікменстанның азаматымын, бірақ қазір шетелде тұрамын / оқимын. ОАУ-нің қабылдау тестілеуін тапсыруыма бола ма және қалай тапсыруыма болады?
Иә, тапсыра аласыз! Бірақ сіз өзіңіз бұл үшін қажетті шараларға кірісуіңіз керек немесе балама ретінде SAT тестілеудің және SAT эссенің нәтижелерін жібере аласыз