ОАУ-не өтінімдер қабылдайтын Онлайн-жүйе

Құрметті Талапкер,

Бұл нұсқаулық Сізге Орталық Азия Университетіне түсуге онлайн-өтінімді толтыруға көмектеседі.

Кеңестер

  1. ОАУ-не түсуге онлайн-өтінімді жұмыс істеу үшін біз Internet Explorer браузерін пайдалануды ұсынамыз. Бұдан өзге, өтінімді Firefox немесе Google Chrome браузерлерінде ашуға болады.
  2. Тапсырысты толтыруға кіріспес бұрын кіріспе талаптармен (талапкерлерге қойылатын талаптармен) танысыңыз.
  3. Егер сіз өтінімдер қабылдайтын Онлайн-жүйеге тіркеліп қойған болсаңыз, 1-ші қадамды орындамауға болады.

1 қадам: Тіркеулік жазбаны тіркеу

  1. Университеттің сайтындағы ОАУ-не түсуге онлайн-өтінім формасын ашыңыз: www.ucentralasia.org/apply-online
  2. Осы сілтемемен жүре отырып, сіз жүйеге кіретін бетке кіресіз. 1 суретте көрсетілгендей тіркеулік жазбаңызды тіркеу үшін "New User" ("Жаңа пайдаланушы") таңдаңыз.
  1. Тиісті жолда өз электрондық поштаңыздың мекен-жайы мен құпиясөзіңізді көрсете отырып, тіркеулік жазба жасаңыз.
  2. Сіздің құпиясөзіңіз кем дегенде ішіндегі бір арнайы белгімен (@, #, $, %) және бір сан белгімен қоса 7 белгіден тұруы тиіс: (мысалы, Bishkek@12).
  3. Тінтуірді "Register" ("Тіркелу") түймешігіне әкеліп шертіңіз, сонда сіз көрсеткен электрондық поштаның мекен-жайына тіркелгеніңізді растаған хабарлама жіберіледі. Егер сізге ондай хабарлама келмесе, өз электрондық жәшігіңіздегі Spam/Junk ("Спам") бумасын тексеріңіз. Растау-хатты ашып, алынған сілтеме бойынша өтіңіз.
  1. Осыдан соң сіз жүйеге кіру бетіне тап болсасыз (1 суретті қараңыз).
  2. Өз электрондық поштаңыз бен құпиясөзін енгізіңіз. Тіркелгенде көрсеткен электрондық пошта мекен-жай мен құпиясөзіңізді (2 сурет) көрсетіңіз. Тінтуірмен "Login" ("Кіру") түймешігін шертіңіз.

ЕСКЕРТПЕ

Өзіңіз университетке түсу процесіңіздің бүкіл барысында пайдаланатын электрондық поштаңыздың мекен-жайын көрсетіңіз.

Тек бір электрондық пошта мекен-жайын көрсетіп, тек бір тіркеулік жазба жасаңыз.

Егер тіркелген соң сіздің поштаңызға бірнеше сағат ішінде растау-хат келмесе, онда келесі сілтеме бойынша хабарласып, бізден көмек сұрауыңызға болады: apply@ucentralasia.org.

2 қадам: Жеке парақша жасау

  1. Сіз өзіңіздің тіркеулік жазбаңызға кіргеннен кейін экранда келесі беттер пайда болады (3a және 3b суреттерін қараңыз):
  1. Өтінімді ресімдеу үшін 3b суретінде көрсетілгендей өзіңіздің жеке деректеріңізді көрсетіңіз.

Егер City/Town ("Қала") терезесіндегі ұсынылған қалалар тізімінен сіз өз қалаңызды таппасаңыз, онда өз қалаңыздың атауын қолмен City/Town Name жолында енгізіңіз.

Тінтуірмен "Save" ("Сақтау") түймешігін шертсеңіз, сіз келесі бетке көшесіз.

  1. New Application ("Жаңа өтінім") беті сізге мамандық және осы мамандық ұсынылған елді таңдау мүмкіндігін береді.

Өзіңіз бакалавриат мамандығын таңдап алғаннан кейін, тінтуірмен "Create Application" ("Тапсырыс қалыптастыру") түймешігін шертіңіз – жүйе растауға сұраныс экранына алып келеді (4 суретті қараңыз).

Егер сіз өз таңдауыңызға сенімді болсаңыз "Yes" ("Иә") түймешігін шертіңіз.

ЕСКЕРТПЕ

Өтінім қалыптастырылғаннан кейін оны жоюға болмайды.


Келесі бетте сіз мұқият оқып, төмендегілермен келісетініңізді растауыңыз керек. "I agree" бағанында белгі қойып, "Next" түймесін басыңыз:

  • Өтінішті қабылдау туралы ескерту
  • Берілетін ақпарат туралы Декларация
  • Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім

Келесі бетте сіз мұқият оқып, өтінімнің бақылау тізімін растауыңыз керек:

"I agree" бағанында белгі қойып, "Next" түймесін басыңыз”.

Келесі бетте сізге баламалы мамандықты таңдау, сосын "Save & Next" ("Сақтау және келесі бетке көшу") түймешігін басу ұсынылады.

  1. Сіз баламалы мамандықты таңдағаннан кейін, сіз "Choice #2" деп атауыңызға көзіңізді жеткізуіңіз керек болады. Содан кейн келесі беттерге көшесіз, онда сіздің қажетті ақпаратты көрсетуіңіз керек болады.

1 кезең: Білім туралы ақпарат

Осы бетте (6 сурет) сіз өзіңіздің біліміңіз туралы ақпаратты көрсетуге тиіссіз. Мысалы:

  • Education Qualification ("Білім беру") бөлімінде 11-ші немесе соңғы сыныптан бастаңыз (мысалы, "Аттестат" белгілеңіз, егер сіз жалпы білім беретін мектепте оқыған болсаңыз, оны аяқтағаннан кейін толық орта білім туралы Аттестат аласыз).
  • Осы аттестатты /сертификатты алған оқу орнының/институттың атауын көрсетіңіз.
  • Оқу орны/институт орналасқан Қаланы/Облысты көрсетіңіз.
  • Оқу орны/институт орналасқан елді көрсетіңіз.
  • Түскен жылын көрсетіңіз.
  • Аяқтаған жылын көрсетіңіз (егер сіз әлі оқу орнын/институтты бітірмесеңіз, "Result Awaited" өрісіне белгі қойыңыз).
  • Ағылшын тілі мен математикадан бағаларыңызды көрсетіңіз.
    • Осы нысандарды қосу үшін "Subject" өрісінің жанындағы үлкейткіш шыныға басыңыз, содан ENG таңдаңыз; содан кейін "Grade" өрісінің жанындағы үлкейткіш шыныға басып, сіздің бағаңызды таңдаңыз.
    • Тағы бір пәнді қосу үшін [ + ] түймесін басыңыз. Жоғарыда сипатталған қадамдарды қайталаңыз, бірақ ENG орнына MATH таңдаңыз.

Егер қорытынды бағалар әлі қойылмаса, "Results Awaited" ("Нәтижелерді күту") таңдаңыз.

Егер сіз басқа білім туралы ақпаратты қосқыңыз келсе, "Save & Add New Qualification" ("Сақтау/ қосуды") басыңыз.

Осыдан соң беттің төменгі жағында сіз көрсеткен деректер берілген кесте пайда болады (ақпараттың дұрыстығын тексеріңіз).

Өзіңіздің алған аттестаттарыңызды / сертификаттарыңызды көрсетіп болғаннан кейін, "Save & Next" ("Сақтау және келесі бетке көшуді") басыңыз.

Жүйе автоматты түрде келесі бетке көшеді.


2 кезең : Баламалы тестілеу

Бұл бет SAT тестілеуіне арналған!

Егер сіз SAT тестілеуін және SAT эссені тапсырмаған болсаңыз, егер сіз ОАУ-не қабылдау емтихандарын тапсыруды жоспарласаңыз – бұл бөлімді толтырмаңыз. Оны бос қалдырыңыз. Келесі бетке өту үшін "Save & Next" басыңыз.

Егер сіз SAT тестілеуін және SAT эссені тапсыруды жоспарласаңыз – осы бетті мынадай түрде толтырыңыз:

  • Test ID бөлімінде New SATI таңдаңыз
  • SAT тестілеуін өткізу күнін көрсетіңіз
  • SAT тестілеуін тапсыратын елді таңдап, "Result Awaited" түймесін басыңыз.

Егер сіз SAT тестілеуін және SAT эссені тапсырған болсаңыз, баллдарыңызды келесі түрде жібере аласыз:

  • Test ID бөлімінде New SATI таңдаңыз
  • SAT тестілеуін тапсырған күнді көрсетіңіз
  • SAT тестілеуін тапсырған елді таңдаңыз
  • Сұралған нысанға сәйкес сіздің баллдарыңызды көрсетіңіз.

Осы бөлімді толтырғаннан кейін, "Save & Next" басыңыз. Жүйе автоматты түрде келесі бетке өтеді.


3 кезең: Ата-аналар / қамқоршылар туралы ақпаратты көрсетіңіз

Бұл бөлімде тек екі адам туралы ақпаратты көрсетуге болады.

Қажетті деректерді енгізгеннен кейін және тағы бір адам туралы ақпаратты қосқыңыз келсе, "Save & Add New Relationship" түймесін басыңыз ("Сақтау және қосу"). Содан кейін беттің төменгі жағында сіз көрсеткен деректер кестесі пайда болады (ақпараттың дұрыстығын тексеріңіз).

Барлық қажетті ақпаратты көрсеткен соң, "Save & Exit" ("Сақтау және келесі бетке өту") түймесін басыңыз.

Жүйе автоматты түрде келесі бетке өтеді.


4 кезең: Басқа бағдарламаларға қатысу туралы ақпаратты көрсетіңіз

Сіз қатысқан барлық бағдарламаларды, сондай-ақ сіз түскіңіз келетін басқа университеттерді атап өткен соң, "Save & Next" басыңыз ("Сақтау және келесі бетке өту").

Жүйе автоматты түрде келесі бетке өтеді.


5 кезең: Құжаттарды жүктеу

  • паспорттың/Ұлттық жеке куәліктің көшірмесі
  • Егер сіз Қырғызстан, Тәжікстан және Қазақстанның азаматы болып келмесеңіз, сізге жүктеу қажет: бағасы бар ресми табельдің көшірмесі

Файлдар PDF немесе JPEG (JPG) форматында жүктелуі тиіс және олардың өлшемі 1 МБ аспауы тиіс.

Паспорттың / Ұлттық жеке куәліктің көшірмесін жүктеу үшін:

  • "Document Type" блоктың жанындағы үлкейткіш шыныға басыңыз, содан кейін National ID таңдаңыз;
  • Document Name бөлімінде құжаттың атауын енгізіңіз (мысалы: ұлттық паспорт);
  • Жүктеу түймешігін басыңыз, жүктеу үшін құжатты таңдаңыз;
  • Құжат жүктелгенше күте тұрыңыз, бұған бірнеше минут кетуі мүмкін.
  • Құжатты жүктегеннен кейін ол төмендегі кестеде пайда болады.

Бағасы бар ресми табельдің көшірмесін жүктеу үшін сол қадамдарды орындаңыз:

  • "Document Type" блоктың жанындағы үлкейткіш шыныға басыңыз, содан кейін Educational таңдаңыз;
  • Document Name бөлімінде құжаттың атауын енгізіңіз (мысалы: орта мектепті аяқтау аттестаты);
  • Жүктеу түймешігін басыңыз, жүктеу үшін құжатты таңдаңыз;
  • Құжат жүктелгенше күте тұрыңыз, бұған бірнеше минут кетуі мүмкін.
  • Құжатты жүктегеннен кейін төмендегі кестеде пайда болады.

Екі құжатты жүктегеннен кейін, олар беттің төменгі жағында пайда болуы керек.


6 кезең: ОАУ-не жазбаша қабылдау емтиханын қай жерде өткізуді жоспарлап отырғаныңызды көрсетіңіз; сіз ОАУ туралы қайдан білдіңіз; сондай-ақ сіз "Ережелер мен Шарттарды"қабылдайтыныңызды белгілеңіз.

ОАУ-не қабылдау емтиханын тапсыратын қалаулы тестілеу орталығын таңдаңыз.

ОАУ-не қабылдау емтиханы ағылшын тілінде өткізіледі. Алайда, сіз математика бөлімінің тапсырмаларының аудармасын (ашық сұрақтар) қосымша ала аласыз. Сізге қажет болатын аударма тілін көрсетіңіз.

ОАУ туралы қалай білдіңіз?

Төлқұжат өлшеміндегі фотосуретті бет бейнесі мен қазіргі келбеті анық 1 МБ-дан артық емес етіп жүктеп алыңыз. Селфи немесе сауық кештен фото қабылданбайды!

Өтінімді жөнелту

ОАУ-не түсуге толтырылған онлайн-өтінімді жіберер алдында, сіз онда көрсетілген ақпаратты редакциялай аласыз. Қажетті өзгерістер енгізу мен ақпарат қосуды сіз тек онлайн-өтінім жіберілгенге дейін ғана жасай аласыз.

Өтінімді жіберер алдында алдыңғы беттерде көрсетілген барлық ақпаратты тексеріп шығуды сұраймыз.

Ақпаратты тексеріп болған соң "Save" ("Сақтауды") басыңыз

"Submit" ("Өтінімді жөнелту") түймешігін басыңыз. Осыдан соң сіздің электрондық жәшігіңізге өтінімнің көшірмесі көрсетілген тиісті растау-хат жолданады.

Сонымен қатар сіздің apply@ucentralasia.org электрондық пошта мекен-жайына растау құжаттарын жіберуіңіз қажет болады. Қажетті растаушы құжаттар тізімін https://ucentralasia.org/Admissions/Index/KZ сайтында таба аласыз.