Шәкіртақылар, гранттар және оқу мен тұру ақысы

ОАУ-нің қаржылық қолдауын алу үшін құжаттар пакетін жүктеңіз (құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі - 21 маусым, 2020 жыл)

Для студентов из Кыргызстана
Для студентов из Таджикистана
Для студентов из Казахстана
Для студентов из других стран (за исключением Кыргызстана, Таджикистана и Казахстана)

Жоғары білім – бұл студенттің өзі және оның отбасы жасай алатын ең маңызды инвестициялардың бірі болып табылады. Жақсы университетте алынған білім жеке тұлғалық өсуде және кәсіби деңгейде табысқа жету мүмкіндігіне елеулі әсер етеді.

Орталық Азия Университетінде қомақты қаржы жеңілдіктерімен білім алуға болады: егер студент қабылдау емтихандарынан өтсе, оның қаржы жағдайы сапалы білім алуына кедергі бола алмайды. Студенттер мол қаржылай көмектің арқасында тек олардың академиялық үлгерімі негізінде ОАУ-не қабылдана алады, ал төлеу мүмкіндігі студенттерді қабылдау кезінде таңдау критерийі бола алмайды. Егер талапкер университетке қабылданса, оған қаржылай қолдау көрсету кепілдік болады.

Қолдау мынадай түрде көрсетіледі:

  • Шәкіртақылар;
  • Гранттар;
  • Пайызсыз несиелер.

Оқу және тұру ақысы кампустар орналасқан елдің валютасында төленеді және бакалавриат курсы бойы өзгермейді. ОАУ-де оқу ақысы жылына 5000 АҚШ долларын құрайды, бұл Орталық Азияның, сондай-ақ Қытайдың, Түркия және Ресейдің көптеген университеттеріне қарағанда арзан. Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілгендей, студенттер қаржылық жағдайына байланысты қаржылық көмек ала алады, олардың арасында ең табысты студенттері оқу ақысын төлеуден толық босатылады.

Аймақтағы басқа университеттерінен айырмашылығы, оларда студенттер өздері үшін пәтер іздеуі және өз бетінше тамақтануы тиіс, ОАУ бакалавриат бағдарламалары бойынша білім алушы студенттерге бірегей тұрғын үй жағдайларын ұсынады. Заманауи кампустар ыңғайлы жатақханалар, тамақтану, ноутбуктер, медициналық сақтандыру және басқа да білім беру инфрақұрылымын ұсынады, оны пайдаланудың жалпы құны жылына 3000 АҚШ долларын құрайды. Бұл сома жеңілдік шарттарымен төленуі мүмкін.

Студенттер оқу жылы ішінде төлейтін барлық шығындарды жабу үшін енгізетін орташа құны – оқу, тұру және тамақтану құнын қоса алғанда – 1400 АҚШ долларынан кем (айына 140 доллардан кем) құрайды. Студенттердің көпшілігі, егер олар үйде өмір сүрсе, бәлкім, көрсетілген сомадан көп төлейтін еді.

Одан бөлек, Орталық Азия (Қырғызстан, Тәжікстан және Қазақстан) елдерінің студенттеріне бәсекелестік негізде үлгерімі озық студенттерге толық шәкіртақылар тағайындалады.

ОАУ-нің сапалы білім беруді қолжетімді жасау әрекеттері

Студенттер төлейтін төлемақы жалпы оқу құнының аз ғана бөлігін құрайды: ОАУ студенттің оқу құнының шамамен 95 пайызын қаражаттандырады. ОАУ-де оқу ақысы сапасы жағынан көршілес Қытайда, Ресей және Түркияда, сондай-ақ Тәжікстандағы, Қырғызстандағы және Қазақстандағы ең үздік университеттермен салыстырғанда жоғары білім алу төлемақысы едәуір төмен.

Оқу ақысына мыналар кіреді:

  • Оқу ақысын төлеу;
  • Оқулықтар мен оқу материалдары;
  • Ноутбук;
  • Жататын орны мен тамақтануы;
  • Медициналық қызмет көрсету, фитнес орталығы, спорттық сабақтар, сауықтыру іс-шаралары;
  • Жеке тәлімгерлік және кеңес беру.

ОАУ-де оқу және тұру ақылары тиісті барлық шығыстарды қамтиды және ұлттық валютамен төленеді.

Оқу және тұру құны (доллармен баламада) ОАУ-де оқитын бес жыл бойы өспейтін болады.

Жиі қойылатын сұрақтар

Төлем қалай өткізіледі?
ОАУ-де оқу және тұру ақысы субсидияланады, сондай-ақ толық немесе ішінара шәкіртақылар қарастырылған. Студент қаржылық көмек алғаннан кейін, ол тиісті оқу жылының 1 қыркүйегіне дейін төленуге тиіс соманың 50%-ын, ал қалған 50%-ын 10 қаңтарға дейін төлейді. Студенттер ұлттық заңнамаға сәйкес ОАУ дайындайтын төлем шотында көрсетілген шотқа банк аударымымен төлем жасайды.

Студенттер білім беру қызметін көрсету туралы шартқа қол қоюға тиіс пе?
Иә. Орталық Азия университетінде оқуға кірісер алдында әрбір студент тиісті қызмет көрсету шартына қол қоюы тиіс.
[ үлгіні жүктеу ]

Қаржылай көмекті алу үшін қашан және қайда бару керек?
Қаржылай көмек алу үшін алдын ала іріктеуден өткен барлық абитуриенттер өтініш білдіре алады. Қаржылай көмек алу үшін студенттер жыл сайын өтініш білдіреді. Қаржылай көмек көрсету туралы шешімді жалғыз адам ғана емес, арнайы комитет қабылдайды.

Менің қаржы жағдайым (оң немесе теріс) Университетке түсуіме әсер ете ме?
ОАУ-не қабылдау академиялық көрсеткіштер негізінде жүргізіледі. ОАУ-не неғұрлым табысты және тапқыр, оның ішінде Орталық Азияның олардың экономикалық жағдайына қарамастан, қалалық және ауылдық елді мекендерден келген студенттер қабылданады, ОАУ абитуриенттердің ешқайсысына оның қаржы жағдайына қарап қабылдаудан бас тартпайды.

ОАУ-ның студенттік несиелері қандай қағидалармен беріледі және өтеледі?

  • Пайызсыз несиелер ұлттық валютамен беріледі;
  • Несиені алған кезден бастап оған қызмет көрсеткені үшін жыл сайынғы алым екі процент (2%) мөлшерінде алынады;
  • Оқуды аяқтаған соң студенттерге несиені өтеу үшін төлем мерзімін екі жылға ұзартатын болады; төлемнің ұзартылған мерзімі аяқталғаннан кейін студенттер несиені 10 жыл аралығында төлей алады.