Бакалавриат бағдарламасы

ОАУ гуманитарлық және нақты ғылымдар мектебі бакалавриат бағдарламасын ұсынады, ол студенттерге мәселелерді шешу және олардың кәсіби және жеке өмірінде инновацияны құру үшін қажетті білім мен дағдыларды дамытады.

Біздің оқытуға арналған бірегей тәсіліміз:

  • Сыни ойлауды, әртүрлі пәндер бойынша талдамалық және техникалық дағдыларды дамытатын гуманитарлық және техникалық білім беру;
  • Өнеркәсіптің дамушы салаларындағы жетекші әлемдік университеттермен әріптестікте дайындалған бакалавриаттың оқу бағдарламасы;
  • Тәжірибе арқылы оқыту-нақты міндеттерді шешу үшін қолдануға болатын теориялық және практикалық білім.

ОАУ-ДЕГІ СІЗДІҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ ДАМУЫҢЫЗ

ОАУ негізгі және қосымша мамандандырулар бойынша жоғары білім алуға мүмкіндік береді. Бес жылдан кейін сіз Гуманитарлық ғылымдар (BA) бакалаврының және жаратылыстану ғылымдары (BSc) бакалаврының дәрежесіне ие боласыз. ОАУ – кіріктірілген тәсіл негізінде негізгі және қосымша мамандандыру алуды ұсынатын Ортталық Азиядағы тұңғыш университет. ОАУ бакалавриат бағдарламалары үшін оқыту тілі тек ағылшын тілі болып табылады.

Өзіңіз таңдап алған негізгі және қосымша мамандығыңызға қарай сіз университеттің үш кампусының бірінде тұрасыз және білім аласыз: Нарында, Қырғызстан; Хорогта, Тәжікстан; және Текеліде, Қазақстан (ашылу 2022 жылы күтілуде ), сондай-ақ сіз тым болмаса, бір семестрді басқа кампуста өткізуге мүмкіндік аласыз.

Біздің Өндірістік Тәжірибе бағдарламамыз сізге жазғы тәжірибе шеңберінде жетекші компанияларда жұмыс тәжірибесін алуға мүмкіндік береді.

Оқу және сыныптан тыс қызметтегі үздік табыстары үшін іріктеу комиссиясы оқуға түскен кезде математикадан тестіні үздік тапсырған жағдайда, талапкерді бірден бірінші курсқа (дайындық курсынан өтпей) қабылдау мүмкіндігін қарастыра алады.

"Мені бірден ОАУ бірінші курсына қабылдады. Мен FLEX бағдарламасы бойынша АҚШ-та оқығанмын, сондықтан бұл университет мен үшін өте қолайлы болды. ОАУ-де әртүрлі ұлт өкілдерінің студенттері білім алады, ұстаздар сабақ береді. ЖОО жаңа мүмкіндіктерге жетелейді, ал оның мазмұнды оқу бағдарламасы Орталық Азия елдерін дамыту үшін арнайы әзірленген. Біз спорт ойындарын ойнаймыз, өз қызығушылықтарымызға қарай клубтарға қатысып, уақытымызды көңілді өткіземіз."

Фируза Хосабекова
Хорог, Тәжікстан
Коммуникациялар және БАҚ, Нарындағы кампус
Класс-2022

НАРЫН, ҚЫРҒЫЗСТАН
ХОРОГ, ТӘЖІКСТАН
ТЕКЕЛІ, ҚАЗАҚСТАН
(ашылу 2022 жылы күтілуде)

ОАУ "Компьютерлік ғылым" және "Коммуникациялар және БАҚ" мамандықтарды таңдаған студенттер Қырғызстанның Нарын қаласындағы кампуста оқиды.
"Экономика" және "Жер және қоршаған орта туралы ғылым" мамандықтарды таңдаған студенттер Тәжікстанның Хорог қаласындағы кампуста оқиды.
"Инженерлік-техникалық ғылымдар" немесе "Бизнес және басқару" мамандықтарға қызығушылық танытқан студенттер Қазақстанның Текелі қаласындағы кампуста 2022 жылдан бастап оқитын болады.

Оқытушылармен танысыңыз

Люси Палмер,
"Коммуникациялар және БАҚ" мамандандыруының шақырылған оқытушысы
Нил Галлагер,
Компьютерлік ғылымдар бойынша шақырылған профессор
Ребекка Рамсай,
Тарих бойынша аға лектор

Академиялық серіктестер

Бес жылдық бағдарлама аясында ОАУ студенттері Канаданың Торонто қаласындағы Сенека колледжімен бірлесе әзірленген қарқынды дайындық бағдарламасын аяқтайды. ОАУ-нің оқу бағдарламасы Канадағы Торонто университетімен (Компьютерлік ғылым), Канадағы Британдық Колумбия Университетімен (Жер және қоршаған орта туралы ғылым), Ұлттық зерттеу университетінің Жоғары экономика мектебімен, Мәскеу және Стокгольм экономика мектебімен / Рига, Латвия (Экономика) және Аустралияның Сидней Технологиялық университетімен (Коммуникациялар және БАҚ) әріптестікте дайындалған. ОАУ, сондай-ақ Канадағы Виктория Университетімен өндірістік тәжірибе бағдарламасын әзірлеу үшін серіктес болып табылады.

ОАУ келесі бөліктерден тұратын бакалавриаттың құрылымдалған бес жылдық бағдарламасын ұсынады:

  • дайындық, пәнаралық, жалпы білім беру және міндетті курстар;
  • негізгі алты мамандық (сондай-ақ қосымша ретінде таңдауға болатын);
  • өндірістік тәжірибе.

"ОАУ-де негізгі мамандықты үйрену – ұмытылмас оқиға. Менде бірден екі кампуста оқитын және Қырғызстан мен Бадахшанның мәдени саналуандылығымен танысатын тамаша мүмкіндік болды. Мен жазда мониторингтеумен және бағалаумен айналыса отырып, USAID-та тағылымдамадан өттім. Мен кәсіби жұмыстың шынайы әлеміне еніп кеттім, іскерлік тәртіп стандарттары, деректерді талдау теориясы мен әдістері, сондай-ақ ақпараттар жинау туралы көптеген мәліметтерге қанық болдым."

Озар Аини
Душанбе, Тәжікстан
Компьютерлік ғылым, Нарындағы кампус
Класс-2021

ДАЙЫНДЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ

Бакалавриаттың алғашқы жылы ішінде ОАУ барлық студенттері мойындалған халықаралық стандарттарды ескере отырып әзірленген дайындық бағдарламасы бойынша білім алатын болады. Ол ағылшын тілін оқу ортасында сәтті білім алуға қажетті базалық дағдылар мен білімдерді игеруге негізделген. Бағдарламаға ағылшын тілі, математика және жаратылыстану ғылымдары жөніндегі курстар кіреді.


ОАУ БАКАЛАВРИАТЫ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ МАМАНДЫҚТАРЫ

«Компьютерлік ғылым», ғылым бакалавры
Технологияларға қызығушылық танытасыз және дамып келе жатқан өңірлік индустрияның бөлігі болғыңыз келе ме? Қазіргі заманғы технология сын-қатерлерін жеңе білу үшін дағдылар мен қабілеттерін дамытқыңыз келе ме? Технологиялар әлеміне кіру және өз бизнесіңізді бастау немесе оқуды жалғастыру үшін бағдарламалық жасақтаманы, аппараттық құралдарды және математиканы игергіңіз келе ме? Орталық Азиядағы жаңа бағытты – тәжірибелі және танымал оқытушылар оқытатын компьютерлік ғылымды оқығыңыз келе ме? Онда "Компьютерлік ғылым" бағдарламасы - сіз үшін.

«Коммуникациялар және БАҚ», өнер бакалавры
Сіз шын мәнінде әңгімешілсіз бе? Туған қалаңыз бен қауымдастықты басқа әлеммен байланыстырғыңыз келе ме? Орталық Азияны қабылдауды қалыптастыруға үлес қосуға тырысасыз ба? Медиа технологияны пайдалана отырып және белгілі бір дискурсты жылжыта отырып, өңірдегі өзгерістер агенті болғыңыз келе ме? Сіз креативті адамсыз ба және тілдерді сүйесіз бе? Мұндай жағдайда "Коммуникациялар және БАҚ" бағдарламасы - сіз үшін.

«Жер және қоршаған орта туралы ғылымдар», ғылым бакалавры
Қоршаған ортаны зерттеумен айналысасың ба? Табиғатты қорғау шараларын қалай жақсарту туралы өз ойың бар ма? Орталық Азияның бірегей табиғи ресурстарын сақтағың келе ме? Нақты міндеттерді шешуде ғылыми тұжырымдамаларды қолданудың артықшылығын сезесің бе? Олай болған жағдайда, «Жер және қоршаған орта туралы ғылымдар» бағдарламасы – сен үшін.

"Экономика", өнер бакалавры
Өз мансабыңызды экономикалық саясатпен байланыстырып, Орталық Азия елдерінің дамуына үлес қосқыңыз келе ме? Қоғамға пайда әкелетін кәсіпкер болуға тырысасыз ба? Іскерлік шешімдер қабылдау кезінде фирмалар қолданатын талдау құралдары туралы білу қызықты ма? Кедейшілік, өсіп келе жатқан теңсіздік және экологиялық жағдайдың нашарлауы сияқты жаһандық экономикалық сын-қатерлер үшін шешімдер іздеуге көмектескіңіз келе ме? Онда "Экономика" бағдарламасы - сіз үшін.

«Инженерлік-техникалық ғылымдар», ғылым бакалавры (ашылу 2022 жылы күтілуде)
Саған есептерді шешу және тетіктердің қалай құрылғанын білу ұнай ма? Сен олардың одан да артық жұмыс істеуі үшін не істеуге болатыны туралы ойланасың ба? Нақты міндеттерді шешуде ғылыми тұжырымдамаларды қолданудың мүмкіндіктерін көресің бе? Күрделі есептерді шешу үшін үнемі жаңа тәсілдер іздейсің бе? Онда «Инженерлік-техникалық ғылымдар» бағдарламасы – сен үшін.

"Бизнес және басқару", өнер бакалавры (ашылу 2022 жылы күтілуде)
Бизнес әлемінің көшбасшысы болғың келе ме? Өзіңнің жеке стартапың үшін идеяларың бар ма? Орталық Азиядағы экономиканың дамуына ықпал ету үшін саған дағдылар қажет пе? Олай болған жағдайда, «Бизнес және басқару» бағдарамасы – сен үшін.

ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРИБЕ БАҒДАРЛАМАСЫ

ОАУ өндірістік тәжірибе бағдарламасы – жұмыспен біріктірілген оқыту. Студенттер шынайы өмірде (таңдаған мамандығына байланысты кәсіби қызметте, мейлі ол жеке, мемлекеттік немесе азаматтық сектор болсын) сыныпта алған білімдерін қолдана алады.

Бағдарлама студенттерге университетті бітіргеннен кейін оқу, ғылыми және кәсіби қызметте әрі қарай жетістіктерге жетуге көмектесетін ақылы және ақы төленбейтін тағылымдамаларды ұсынады.

ОАУ өндірістік тәжірибе бағдарламасы Виктория Университетімен (Канада) бірлесе әзірленген.

Бағдарлама ОАУ бакалавриаты студенттері үшін міндетті болып табылады. Бұл – студенттерге ел ішінде және шетелдерде жұмыс ортасымен танысуға мүмкіндік беретін инновациялық тәсіл. Ол үшін бес жылдық білім беру бағдарламасы ішінде студенттерді үш жыл қатарынан (жазғы кезеңде) оларға лайықты ұйымдарға жұмысқа жібереді. Оқыту жұмыс іздеу, жеке қарым-қатынас жасаудың құнды дағдыларын меңгеру, жұмыс орнында тағлымдамадан өту, сондай-ақ даладағы зерттеулерге қатысу, оқушылардың прогресін бірлесе бағалау кіретін барлық үдеріс барысында жүзеге асып отырады.

> ОАУ өндірістік тәжірибе бағдарламасы туралы толығырақ білу үшін, осы жерді басыңыз


Ғылыми-зерттеу мүмкіндіктері

ОАУ сіздерге ғылыми әлеуетті игеруге арналған ауқымды академиялық мүмкіндіктер ашылады. Сіз ғылыми зерттеу саласындағы сарапшылармен бірге еңбек ете аласыз, ғылыми-зерттеу институттары мен оқыту орталықтарының деректеріне еркін қол жеткізу мүмкіндігіне ие боласыз. Жетекші ғалымдармен бірге ғылыми мақалаларды бірге дайындап жариялай аласыз, диплом жұмысын дайындау кезінде кеңестер алып, пәнаралық тәсіл әдістерін күнделікті қолданып, өз зерттеулеріңізді жүргізе аласыз.